Текст песни Мейрамбек Беспаев — Бозторғай

Бозторғай

Бозторғай, бозторғай

Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.

Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?

Қатпа қара баламын,
Тағдырыма не аламын,
Анамды іздеп әр таңда,
Аңсап әнге саламын.

Бір ашылмай қабағым.
Неге жетім қаламын.
Мүмкін емес болмауы
Мені туған ананың.

Бозторғай, бозторғай

Ана сүтін ембедім
Құшағыңа енбедім
Аймалаған аялы
Алақанын көрмедім.

Туғаным жоқ, тумам жоқ
Менде қызық-думан жоқ.
Қырға шығып бала боп,
Көбелек те қуғам жоқ.

Шешем болса, келмей ме,
Баласын бір көрмей ме,
Мейірлене құшақтап,
Өрік-мейіз бермей ме..

Торғай екен торғайда
Балапанын қорғайды.
Ана безсе баладан,
Бәрінен де сол қайғы..

Бозторғай, бозторғай

Көңіл-күйі кетілген
Сен де мендей жетім бең
Еркелетіп еш пенде
Сүйген емес бетімнен.

Тереземді ашайын,
Алдыңа жем шашайын,
Мұңымды айтып өзіңе
Мауқымды бір басайын.

Жаралаған жас жанды
Азапты өмір басталды
Керегі жоқ ешкімге
Болғанымда тастанды

Тас жетім боп қалғаным
Туа біткен арға мін
Бір иіскесем анамды
Болмас еді арманым..




Текст добавил: Андрей Курышев

Краткое описание

Текст песни Мейрамбек Беспаев — Бозторғай описывает чувства героя, который переживает непростой период в своей жизни. Он обращается к Бозторғаю — птице, символу свободы и независимости — в надежде, что она поможет ему выйти из трудного положения.

Герой песни задает Бозторғаю вопросы о своей судьбе и смысле жизни. Он ищет ответа на вопросы, которые беспокоят его душу: «Кияндардан келдің бе?», «Анамды сен көрдің бе?», «Неге жетім қаламын?».

Песня описывает также любовь героя к своей маме и желание увидеть ее: «Анамды іздеп әр таңда, Аңсап әнге саламын», «Бір ашылмай қабағым, Туғаным жоқ, тумам жоқ».

Герой песни ощущает сильную связь с Бозторғаем и надеется, что она поможет ему вновь обрести свою свободу. Он говорит: «Тереземді ашайын, Алдыңа жем шашайын, Мұңымды айтып өзіңе, Мауқымды бір басайын».

Слова песни Мейрамбек Беспаев — Бозторғай выражают глубокие чувства и эмоции, которые переживает герой. Песня наполнена нежностью и тоской, и она подарит слушателю возможность проникнуться чувствами героя и почувствовать свободу и независимость, которые он ищет..